Бильярд спортындағы жас чемпиондардың бірі өз дағдыларын облыс әкіміне көрсетті. Үйірмедегі жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады. Оған 30-ға жуық адам қатысады. Балаларды облыстың бильярд спорты федерациясының басшысы ойынға үйретеді. Айтуынша, оның тәрбиеленушілері көптеген жетістікке жеткен.
ЕГОР ПИСТОГОВ, СҚО бильярд спорты федерациясының басшысы:
– Біз әлем чемпионатында 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болдық. Сондықтан, біздің жастарымыз әлем чемпионатында болып үлгерді. Бізде спортшыларымыздың болашақ зор, балалардың әлеуеті бар.
Күрес, жеңіл атлетика, көркем гимнастика және т.б. Аймақ басшысына Александр Винокуров спорт сарайында осы және өзге де жаттығулардың қалай өтетіндігі көрсетілді. Оқушылардың жетістіктері туралы да айтылды.
Алена Самохвалова, жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы:
– Азия чемпионатында үшінші болдық. Кіші жасөспірімдер бойынша БЖСМ арасында 4-ші орында болдық, онда 29 команда қатысты. Жасы үлкен 28 команда ішінде 8-ші болып тұрмыз. Жалпы нәтижелер өте жақсы. Барлық үлкен қыздар мен ұлдарды спорт шеберлігі мектебіне және біздің КҚКО-Олимпиадалық даярлау орталығына береміз.
Өңір басшысы тәрбиеленушілердің жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті. Спорт сарайы чемпиондарды тәрбиелеп қана қоймай, ересек тұрғындардың салауатты өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мәлімдеді.
Сергей Мелехов, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
– Бізде күніне 1500-ге жуық адам спорт сарайына келеді. Оның 700-ге жуығы балалар. Кешкі уақытта әуесқойлар шағын футбол ойнауға келеді. Күн сайын кем дегенде екі команда ойнайды.
Мұз айдынында сырғанау да халық арасында өте танымал. Жергілікті спортшылардың жаттығулары өтетін мұз айдында облыс басшысы да болды. Әрі қарай Ғауез Нұрмұхамбетов “digital Urpaq” оқушылар сарайына барды. Мұнда оқушылар үшін IT-салада, ғылыми-биологиялық, көркемдік-эстетикалық бағытта даму үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Лариса Воробьева, Оқушылар сарайының ғылыми-биологиялық бағыт бөлімінің меңгерушісі:
– Үйірмелердегі сабақтар тегін жүргізіледі. Бұл 8 бағыт бойынша 102 үйірме және 25-жинақ – сыныптар, бізде өнер мектебі жұмыс істейді. Ең танымал үйірмелердің бірі – IT-үйірмесі. Бұл – робототехника, дрондарды құрастыру және басқару, 3D, бағдарламалау зертханалары. Әрине, қалған бағыттар да сұранысқа ие.
Оқушылар сарайында әр бала өз қалауын таба алады. Өңір басшысы бірқатар зертханаға барып, оқушылардың жетістіктері туралы білді. Мәселен, облыс әкіміне ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласындағы зерттеулердің қорытындылары айтылып, ағымдағы жобалар туралы хабарланды.
Розалия Шакирова, «ЛОРД» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы:
– Қазір менде жобаның практикалық бөлігі бар, оның тақырыбы – “Ылғалға төзімді термиялық бояу өнімдерінде шыны өңдеу өнімдерін қолдану. Мен химик ретінде жиі химиялық заттармен жұмыс істеймін және менде қара шыны ыдыстар көп. Мені оны қалай қайта өңдеуге болатыны қызықтырды. Бірақ, мен мұндай жауапты таппадым, өйткені қайта өңделетін 2 орталық қана бар. Ал ол СҚО-дан алыс орналасқан. Сондықтан, мен осы әйнекті қайта өңдеудің қарапайым әдісін іздестірдім. Нәтижесінде оны эмальға қолдануға болатынын білдім!
Ғауез Нұрмұхамбетов оқушылардың IT-саласындағы жетістіктерімен де танысты. Оған теле және фотостудия мен театр үйірмелерінің жұмысы да таныстырылды. It-ферма жобасының іске асырылуын да көрсетті. Бұл үйірме оқушылар сарайының ашылуынан бастап даму үстінде.
Санжан Нұрмұхамбет, студент:
– Қысқаша айтқанда, жоба 3 бөліктен тұрады: аквапоникалық, гидропоникалық және жүйелік бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама судың температурасын, көлемін, су күйін, балықты бақылауға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың жұмысына табыс тіледі. Өңір басшысы оқушылар сарайы құнды кадрларды тәрбиелеуге және балалардың талантын дамытуға көмектесетінін атап өтті. Мұнда барлығы 3 мыңға жуық оқушы тәлім алады.