МТРА жаңалықтарыҚоғам

Әлеуметтік қорғау инспекторлары институтының жұмысы

Елімізде әлеуметтік қорғау инспекторларының институты жұмыс істейді. Аталған ұйым 1-ші шілдеден бастап 639 тексеру жүргізген. Оның 292-сі профилактикалық бақылау шеңберінде, 347-cі жоспардан тыс, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ал жергілікті департаменттер 9 айда 1 268 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы мекеме басшыларына 875 ұйғарым беріп, жалпы сомасы – 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салыпты.

 

Байболат Култанов