СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі ҰҰ академиясы мен қорғаныс істері департаментінде болды

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы Ұлттық ұланның академиясында болды.
Мұнда 800-ге жуық курсант білім алып жатыр. Оларға 100-ден аса білікті маман сабақ береді. Өңір жетекшісіне әскери білім ордасында жасалған жағдай мен бүгінгі қауқары жайлы баяндалды.

– Общая территория академии 9,8 гектар. Сейчас мы находимся в учебной лабораторном корпусе. Техническая зона для стоянки техники. У нас вообще 4 батальона. Получается по штату в каждом батальоне должно 220 человек.

Мынау – лабораторлық корпус. Мұнда курсанттар арнайы техниканы басқаруды үйренеді.

Бұл – академияның атыс алаңы. Нысан 4 жыл бұрын қолданысқа тапсырылған. Іші заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда курсанттар ату шеберлігін шыңдайды. Бұдан кейін өңір басшысы академияның асханасына барып, сарбаздардың ас мәзірімен танысты.

АСҚАР ЮСУПОВ, ҚР Ұлттық ұланы академиясының азық-түлік қызметінің бастығы:

– Асханаға биыл күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Курсанттар үш стандартқа бөлінеді. Жалпы әскери, курсанттық және емделіп жатқан курсанттар. Ем-дом қабылдап жатқан сарбаздардың ас мәзірі басқаша құрылады.

Асханаға жақын жердегі алаңда күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жауапты мердігер – маңғыстаулық «Оңдасын» серіктестігі. Асфальт ауыстырушылар кестеден қалыс қалған. Облыс әкімі мердігерге оның міндеттерін еске салды.

– Биыл бітіру керек барлығын. – Қанша қаражат бөлінді? Жолдың бюджеті 540 млн.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барды.

МАРАТ КАРИМОВ, СҚО қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары:

– Жылына мыңға жуық жас әскерге шақыртылады. Ал облыстық медициналық комиссиядан 5 мыңға жуығы өтеді. Жігіттердің арасында көздің нашар көруі мен жалпақтабандылық жиі кездеседі.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізу қажет. Жобалық-сметалық құжаттамасы 2021 жылы жасалып қойған. Облыс әкімі бұл мәселені шешуге көмектесуге уәде берді.

 

Гульден Симбаева