Құқық қорғау органдары

Қыркүйекте болған өрт: 25 жастағы жігіт әйелі мен 2 баланы өртеп жіберуі мүмкін

Жаға ұстатар жаңалық! Қыркүйек айының соңында Петропавлдағы Волочаевский көшесі бойында орналасқан үйлердің бірі өртеніп, салдарынан 3 адамның қаза тапқаны хабарланды. Бұл факті бойынша құзырлы органдар бірден тергеп-тексеру жұмысын бастаған болатын. Күні кеше полиция департаменті сұмдық жайтты жария етті. 25 жастағы ер адам өзінің азаматтық әйелі мен 2 баланы өртеп жіберді деген күдікке ілініп отыр.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД баспасөз қызметінің қызметкері:

– 2023 жылдың 21 қазанында қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қайта сараланды. Сондай-ақ, тергеу басқармасы бұл факті бойынша қосымша қылмыстық іс тіркеді. Күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, жедел-тергеу тобы құрылды, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс – облыс прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 

Байболат Култанов