Құқық қорғау органдары

“Браконьер”: мылтығын төсегінің астында сақтаған аңшыға қатысты іс сотқа жолданады

Біреуі мылтығын төсегінің астына тыққан, келесісі сарайда сақтаған.
Қаруды сейфте емес, бей-берекет қойып келген қос аңшыға қатысты материал жиналып, сотқа жолданады. Қос жағдай Қызылжар мен Айыртау аудандарында болды. Полиция қызметкерлері облыста 6 күн бойы “Браконьер” жедел-алдын алу шарасын жүргізіп, 50-ден астам құқық бұзушылық тіркеді. Сондай-ақ, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп 57 мобильдік топ құрған. Арнайы рейд барысында мылтығын кез келген жерге сүйей салатын, осы әрекетінің салдарын ойламайтын аңшылар анықталды. Барлығы – осындай 7 факті тіркелді.