Спорт

Аға буын өкілдері Жолдауды талқылады

Олимпиада резервіндегі мамандандырылған “Жеңіс” балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев төменгі жалақының көтерілуі мен спорттың дамуына тоқталды.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Жолдауда көбінесе мектеп туралы айтылды. “Жаңа Қазақстанды” жастар қолдап, көтеру қажет. Осы 2 айда біраз жерге барып Жолдауды талқыладық.

Татьяна Артюшенко – “Жеңіс” спорт мектебінің түлегі. Қазір осында өзі де спортшы ұл-қыздарды баптауда. 30-ға жуық шәкірті бар. Көбі біраз жетістікке жеткен.

ТАТЬЯНА АРТЮШЕНКО, олимпиада резервіндегі мамандандырылған “Жеңіс” БЖСМ жаттықтырушысы:

– Нысанда білікті бапкерлер жұмыс істейді. Балаларға салмақ түсірмей, өз деңгейлерінде жаттықтырамыз. Біздің мақсатымыз – оларды әлем чемпионы қылып тәрбиелеу. Өңірде спорт саласы қарқынды дамып келеді. Оған деген мемлекеттің қолдауы зор.

Жалпы, “Жеңіс” спорт мектебінде 20-ға жуық жаттықтырушы жұмыс істейді.

 

Гульден Симбаева