Құқық қорғау органдары

Облыста жыл басынан бері 214 есірткі қылмысы анықталды

Облыста жыл басынан бері 200-ден аса есірткі қылмысы анықталды. Соның 110-ға жуығы Петропавлда тіркелген. Оның 78-і есірткі өткізуге жатады. Сондай-ақ, нашаға қатысы бар тұрғындардан 200 келіден астам улы зат тәркіленіп алынған. Оның ішінде 2 келіден астамы синтетикалық түрі болып табылады. Еске сала кетейік, есірткіге қатысты фактілер жайында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрған WhatsApp желісіндегі нөмірге (8-707-500-96-65) жіберуге болады.

 

Гульден Симбаева