Қоғам

“Қайырымдылық керуені” VI республикалық байқауы басталды

Қазақстанда “Қайырымдылық керуені” VI республикалық байқауы бастау алды. Дәстүрлі шара аясында елдің дамуына үлес қосқан жандар, қамқор адамдар, меценаттар мен нағыз патриоттар анықталмақ. Конкурс 5 аталымнан тұрады. Алғашқы үшеуі – “Асар”, “Туған жер” және “Батыл жүрек”. Бұл номинациялар аясында халықтық салт-дәстүрді сақтайтын, кіндік қаны тамған жерге көңіл бөлетін және ерлік пен қайсарлық танытқан адамдар марапатталмақ.

ВИЛЬДАНА ҚОЖАХМЕТОВА, мастермайнд бойынша куратор:

–  “Мейірім жолында” аталымы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға беріледі. “Қайырымдылық тарихы” аталымы қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе ұжымға беріледі. Өтінімдер 20 желтоқсанға дейін қабылданады.

 

Байболат Култанов