Қоғам

Кәсіпорындардың қысқа дайындығы туралы

Жыл сайын өңірдегі энергия өндіруші және таратушы кәсіпорындарға жылыту маусымына әзірлігін растайтын құжат беріледі. Осы мақсатта биыл
бейінді департаментке 3 кәсіпорыннан, атап айтсақ, “Қазсушар”, “Зенченко және К” және “Иван Зенченко” серіктестіктерінен өтініш келіп түсіпті. Оларға тиісті құжат бірден берілген. Ал өзге субъектілерге дайындық паспорты ескертумен беріліпті.

ЖӘМИЛА ӘБДІҚАСЫМОВА, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы:

– ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті кейбір ұйымдарға дайындық паспортын ескертулермен берді. Біріншісі “Ресей темір жолдары” АҚ-ның Оңтүстік Орал теміржолы Петропавл бөлімшесінен түсті. Бұл ұйымға әзірлік паспорты ескертумен берілді. Екіншісі “Севказэнерго” қоғамдығынан түсті. 9-10-шы қазандықтар мен 1,3-ші мұржаларының жұмыстары аяқталғаннан кейін құжатты комитетке 2024 жылдың 1-ші қаңтарына дейін ұсыну қажет.

Тиісті кәсіпорын өкілдері әзірлік құжатына қатысты өтінішті электронды түрде тапсыра алады.

ЖӘМИЛА ӘБДІҚАСЫМОВА, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаметінің бөлім басшысы:

– Тамыздың 15-сінен бастап 19-шы қазан аралығында департамент басшысының төрағалығымен құрылған комиссия жұмыс істеді. Әзірлік паспортын алу қағидасына сәйкес 15-ші тамыздан бастап 30-шы қыркүйек аралығында энергетика кәсіпорындары өз құжаттарын электронды түрде тапсыра алады. Мемлекеттік қызметті алу үшін энергия өндіруші және энергия беруші өз өтініштерін қалдырады.

Айта кеткен жөн, энергия өндіруші және таратушы кәсіпорындар әзірлік паспортын алмаса, айыппұл арқалауы мүмкін. Яғни, ірі кәсіпорындарға – 300 АЕК, орта кәсіпорындарға – 150, шағын субъектілерге 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

 

Гульден Симбаева