Республика күні Қазақстанда 13 жыл бойы аталмай келді. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтару қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы оған “ұлттық мереке” мәртебесін беріп, елдің басты мейрамы ретінде атап өту керек деді.
Сонымен, Республика күні биыл 2-ші рет аталып өтілмек. Еске сала кетейік, еліміздің егемендігі туралы декларация 90-шы жылдың 25-ші қазанында қабылданды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері бұл дата егемендігіміздің бастауы. Оның маңызын ұрпаққа жіті түсіндіру қажет дейді.
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің өкілі:
– Өзіміздің Конституциямыз, әнұран, туымыз бар. Әлем таныған үлкен мемлекет болдық. Ертеден аңсаған егемендігіміз осы күннен басталды десек болады.