Осыдан 1 ай бұрын елімізде “Үздік педагог” байқауы басталған болатын. 3 кезеңнен тұратын сайыстың біріншісіне қатысу үшін 1000-ға жуық өтініші келіп түсіпті. Оның 460-ы топ жарып, облыстық кезеңге жолдама алған. Енді қараша айының соңында үздік атанғандар республикалық кезеңде күш сынасады. Оның ішінде 3 солтүстікқазақстандық ұстаз бар. Бірі – Шал ақын ауданының бастауыш сынып мұғалімі, екіншісі Мағжан Жұмабаев ауданында география пәнінен сабақ берсе, соңғысы ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің тарих және құқық негіздерінің мұғалімі. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпазға «Үздік педагог» сертификаты, «Үздік педагог» төсбелгісі және 1 000 АЕК – 3 450 000 теңге ақшалай сыйлық берілмек.