Қоғам

Үздіктер анықталып, жүлдегерлер марапатталды

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамысымен өңірде 1 ай көлемінде
“Парасатты отбасы” атты онлайн-байқау өтті. Бүгін қала орталығында мәресіне жеткен сайыстың жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлер марапатталды. 20-дан астам жанұя қатысқан конкурстың комиссиясы 1-ші орынды петропавлдық Гаухар Буентинованың отбасына берді. 5 баланың анасы сайыс барысы туралы айтып берді.

ГАУХАР БУЕНТИНОВА, “Парасатты отбасы” байқауының жеңімпазы:

– 5-сыныпта оқитын балам Нариманның ұсынысымен қатыстық десек болады. Кеше ұйымдастырушылардың атынан қорытынды шығарылады деп шақырту келді. Біз видеороликте халқымыздың ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрімізді насихаттауға тырыстық. Отбасы мүшелері қазақи нақыштағы киімдерді киіп, қаладаға ботаникалық бақшада видео түсірдік.

Бүгінгі салтанатты шараға арқау болған екінші қуаныш – “Томирис” ақпараттық-білім беру бағдарламасы. Бұған өңіріміздің 30-ға жуық нәзікжандысы қатысқан екен. Жергілікті қыз-келіншектердің басын қосқан жиын 5 күн бойы, яғни 19-ы мен 23-ші қыркүйек аралығында өткен. Жиналғандарға тәжірибелі мамандар көшбасшылық дағдыны дамыту, қаржылық сауаттылық, көпшіліктің алдында сөйлеу секілді тақырыпта дәріс оқылыпты.

ЗУЛЬФИЯ ТУХФАТУЛЛИНА, “Томирис” ақпараттық-білім беру бағдарламасына қатысушы:

– Біз қаладағы “Innovation hub” жобасы аясында онлайн презентация қорғадық. Бұл бағдарлама аясында әйел адамның қоғамдағы орны туралы тренингтер өткізілді. Жобаға қаладағы ғана емес, ауыл-аймақта тұрып табысқа жеткен қыз-келіншектер де қатысты. Дәріс барысында жанырырақ танысып, тәжірибе де алмасып үлгердік.

Марапатталғандар қуаныштарымен бөлісіп, естелікке суретке түсті.