СҚО әкімдігі

Облыс әкімі Шал ақын және Ғ.Мүсірепов аудандарына барды

Шал ақын ауданындағы “ZHA-GROUP LTD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәнді, бұршақты және жемшөп дақылдарын өсірумен айналысады. Сондай-ақ, мал шаруашылығына маманданған. Қазіргі уақытта фермада 121 ірі қара мал бар. Болашақта оның санын 600-ге дейін жеткізбек. Қазіргі уақытта мұнда сүт-тауар фермасының құрылысы жүріп жатыр.

НҰРГЕЛДІ ЕСІЛБАЕВ, “ZHA-GROUP LTD” ЖШС басшысы, Шал ақын ауданы:

– 2021 жылы “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 400 млн теңге сомасына несие алдық. Құрылысқа барлығы 3 млрд теңгеден астам қаражат, оның ішінде өз қаражатымыз да жұмсалды. Болашақта сиыр басын көбейтіп, толық қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз.

Сергеевкада жабық хоккей корты салынып жатыр. Жұмыс биыл қыркүйекте басталды. Жоба құны – 133 млн теңге. Құрылыс жоспар бойынша қараша айында аяқталмақ. Сондай-ақ, облыс әкімі «Құлеке батыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Мұнда тренажер және спорт залдары, қазақ күресі, футбол және волейболдан жаттығуға арналған жабдықтардың толық жиынтығы бар. Сергеевкада Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде жылу қазандығын салу және қалаішілік жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі:

– Жолдарды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзір. Біздің қаламыздың аудандық маңызы бар, сондықтан, ол “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасына кірмейді. Біз бюджеттік өтінімді Ұлттық экономика министрлігіне жолдадық.

Облыс әкімі Сергеев су қоймасына да барды. Нысан Есіл өзеніндегі су ағынын реттеуге қызмет етеді, энергетика, сумен жабдықтау және ауылшаруашылық алқаптарын суаруда қолданылады. Техникалық тұрғыдан алғанда су қоймасы толығымен жұмыс істейді. Алайда, автожол көпірінің бүгінгі жағдайы алаңдатарлық.

– Бұл көпір апатты деп танылды. Кеңес заманында салынған кезде олар 60 тонналық жүк көтергіштігіне сенді. Айналма жолдар бар, тіпті, “32 тоннадан аспайтын” белгі қойылды. Бірақ, нәтиже жоқ.

Облыс әкімі жауапты ведомстволарға мәселені бақылауға алуды тапсырды. Бұдан кейін Ғауез Нұрмұханбетов “Гермес Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болды. Ол өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Егіс алаңы 6 мың гектардан астам. Сондай-ақ, жекеменшік астық тазалау-кептіру кешені бар. Өңір басшысы кәсіпорынның жұмысын көріп, жергілікті шаруалармен кездесті.
Ал Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда облыс әкімі Червонное ауылына соқты. Мұнда мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, шатыр, сахнасы, кітапхана жөнделді, жылу және сумен жабдықтау жүйесі толығымен ауыстырылды. Жұмсалған қаражат – 82,3 млн теңге. Сондай-ақ, сүт фермасы тұрғызылып жатыр. Жоба құны – 1,3 млрд теңге. Бүгінгі таңда 309 бас ірі қара мал бар. Ставрополка ауылында су торабы мен желілер салынып, 80 үй мен нысандар жүйеге қосылды. Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті фитнес-орталықтың жұмысымен танысып, медициналық пунктке барды. Ставрополка тұрғындарымен кездесуде елді мекенді дамыту мәселелері талқыланды. Жергілікті халық жолдардың нашар жағдайына шағымданады.

Өңір басшысы “Западное СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де болды. Мұнда арпа, сұлы, қарақұмық, картоп егеді. Дақылдар 12,4 мың га егіледі. Облыс әкіміне астық тазалау жабдығы мен астық қоймасының құрылысы барысы туралы баяндалды. Жұмыстар биыл басталды. Бұл жобаны жүзеге асыруға 140 млн теңге жұмсалмақ. Сонымен қатар, кәсіпорын 420 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті фитнес-орталықтың жұмысымен танысып, медициналық пунктке барды. Мәдениет үйінде облыс әкімі тұрғындармен кездесті. Олар жолдардың нашар жағдайына шағымданады.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

– Жақында мердігер анықталды. Ол біздің ауданның кәсіпорыны. Бюджетті бөлуге өтінім қалдырды. Біз оң қорытынды күтеміз.

Сапар аясында облыс әкімі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның диқандарымен кездесті, әңгіме барысында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтылды. Облыстағы ең үлкен сүт фермасы болып саналатын “Возвышенка СК” серіктестігінің де жұмысымен танысты.