Құқық қорғау органдары

«SOS» батырмасын басып, “қаланы жарып жіберемін” деп қорқытқан

Петропавлда тәртіп сақшыларын “қаланы жарып жіберемін” деп қорқытқан ер адам ұсталды. Ол көшедегі «SOS» дабыл батырмасын басып, «102» пультіне қоңырау шалған. Қолға түскен қорқытушы 44 жаста, Өскемен қаласының тұрғыны. Сол күні мас болған. Бұндай әрекетке өміріндегі мәселелердің салдарынан бардым деген. Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу барысында ер адамның не себепті осындай әрекетке барғандығы анықталады. Аталған қылмыс түріне қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.