СҚО әкімдігі

Облыс әкімі қаладағы кәсіпорындарды аралады

Петропавлдағы трактор зауыты өз жұмысын 2016 жылы бастады. Қазір кәсіпорында шығарылған “Батыр СК” тракторлары өңірімізбен қатар Маңғыстау, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында жүр. Биыл өндіріс орны өндірістік техниканы шығаруға басымдық беріпті.

ЖАНДОС НҰРҒАЛИЕВ, “Петропавл трактор зауыты” ЖШС коммерциялық директоры:

– 2016-шы жылдан бері 60 трактор шығардық. Биыл 9 трактор дайындап қойдық. 7-еуі сатылды. Жылдың аяғына дейін тағы 7-8 техника шығару жоспарланып отыр. Маркаларға келетін болсақ, бізде өндіріске сай келетін техника құрыстырылады. Яғни, мұнай саласында жүретін. Биыл ауыл шаруашылығына бірде-бір трактор жасалған жоқ. Себебі, аграрийлерден тапсырыс болмады.

Петропавлдағы тегеуріні мықты өндіріс орнының жұмысымен облыс әкімі танысты. Ғауез Нұрмұхамбетов тракторлардың қалай және қандай игіліктерімен жиналатындығын бағамдады.

– Шумо, виброизоляция полностью. Кондиционер, отопитель салона есть. Кондиционер ставите? -Да, конечно. Этот от трактора? -Да. Сейчас увидим в готовом виде.

Қазір мұнда 45-ке тарта солтүстікқазақстандық тер төгеді. Орташа жалақы 250-300 мың теңгені құрайды.

– Трактор сколько стоит у вас? -На данный момент 65 млн.  А К-700 трактор сколько стоит? -75 млн. Мы по желанию заказчика можем установить тот двигатель, который он желает.

Кейін аймақ басшысы “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағының 3-ші субаймағына ат басын бұрды. Қазір мұнда “REIMANN” серіктестігі ауыл шаруашылығы техникаларына арналған тіркеме құрастыратын кәсіпорын тұрғызуда. Жоба құны – 1,5 млрд теңге. Оны компания басшылығы жыл соңына дейін жүзеге асыруды көздеп отыр.

ВЛАДИМИР КОВШОВ, “REIMANN” ЖШС директоры:

– Құрал-жабдықтар 90%-ға дайын. Кәсіпорын бірнеше учаскеге бөлінген. Әрбірінің атқарар жұмысы бар. Бұл жоба арқылы 75 адамды жұмыспен қамтамасыз етпекшіміз.

Арнайы экономикалық аймақтың 3-ші субаймағында “Kazkran” серіктестігі де өз өндіріс орнын тұрғызуда. Қазір бетон құю жұмыстары аяқталыпты.

– Мы будем производить краны башенные, портовые, для автомобилей.
– Такие вида производства у нас в Казахстане есть?
– На сколько я знаю в Костанае есть. Но маштабного такого нету.

Өңірде кірпіш өндірісінің де қауһары артпақ. Қазіргі таңда облыста бұл бағытта 1 ірі және 1 шағын өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Бұл тізімге 2025-ші жылдың жазында тағы бір ауқымды кәсіпорын қосылмақ. Ол да осы арнайы аймақта бой көтермек. Жоба құны – 9 млрд теңге. Жабдықтар Италия мен Испаниядан жеткізілмек. Жоспарлары ауқымды іскер жандарға аймақ басшысы жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бірінші кезекте инженерлік коммуникацияларды тарту жұмысы қолға алынбақ.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Арнайы түзетулерден кейін орталық органнан қаражат бөлуін сұраймыз. Осылайша жұмысты бастаймыз. Су тарту, қазіргі кәріз жүйелерін жаңғырту ісі жүргізіледі. Бұл шаруаны тындыру үшін бізге уақыт керек. Одан кейін асфальт төселеді.

Шаһардағы кәсіпорындардың қауқарын бағамдау жұмысын аймақ басшысы “ЗИКСТО” зауытымен аяқтады. Кәсіпорын келешекке ауқымды жоспар құруда. Жаңа кешеннің құрылысына арнайы жер таңдалып алыныпты.

РЕНАТ ШАМСУТДИНОВ, «ЗИКСТО» АҚ бас директоры:

– Нысанның жалпы ауданы 20 мың шаршы метрге жуықтамақ. Жобасы әзірленіп жатыр. Бәрі жақсы болса келер жылы құрылысты бастаймыз. Бұл кешен арқылы жылдық қуаттылығымыз артпақ. Қазір жылына 1500 жүк вагонын жасаудамыз. Жаңашылдықтың арқасында бұл көрсеткіш 4500-ге жетпек.

Ал жолаушылар вагонына келер болсақ, қазір олар еліміздің түкпір-түкпірінде жүйткіп жүр.

РЕНАТ ШАМСУТДИНОВ, «ЗИКСТО» АҚ бас директоры:

– Биыл жолаушылар тасымалдайтын 40 вагон жасап, саттық. Жыл соңына дейін тағы 10-ын жасау жоспарда бар. Келер жылға қазірдің өзінде 100 вагонга келісім шарт жасасып қойдық.

Биылғы жоспар орындалса, яғни зауыт жолаушы тасымалдайтын 50 вагон жинап сатса, кіріс 40 млрд теңгені құрамақ.

 

Алдияр Айтпаев