Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларына арналған тренинг

– Очки, маски не снимаем. Не забываем подкручивать пружину. Три, два, один. Свисток.

 Ойын ережесі, пневматикалық қару мен қорғаныс киімін қолдану тәртібі. Облыстық полиция департаментіндегі кадр саясаты басқармасының инспектор-психологтары «Гарнизон» әскери-тактикалық ойындар орталығында психологиялық тренинг өткізді.
Ойынның бірінші жартысында екі жақ бір-біріне шабуылдаса, екінші бөлігінде алаң өзгеріп, кезектесіп қорғаныс тактикасын қолданады. Ережеге сәйкес, пневматикалық оқ тиген ойыншы жеңілісін мойындап, ойыннан шығуы тиіс. Мұндай сайыстар көшбасшылық және стратегияны әзірлеу қабілеттерін қажет етеді.

Мәдина Күшешова, қалалық ПБ кадр саясаты бөлімінің инспектор-психологы:

– Бұл ойындар жеке құрамның экстремалдық жағдайларда өз-өзін қалай ұстауына, ортақ топтарда шешім қабылдауына және кей жағдайларда өз-өздерінің бейімделуіне, қалай жұмыс істей алатынына бағытталған.

Мамандардың айтуынша, ойын түрінде өткен осындай тренинг қызметкерлерді төтенше жағдайда әрекет ете білуге үйретеді.
Шараға барлығы – 400-ге жуық адам қатысты, арасында қыз-келіншектер де бар.