СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі зауыттарды аралады

– Сейчас у меня в планах приобрести до конца года лазер, точечную сварку, малярную камеру уже заканчиваем строить.

Бұл – облыс орталығында орналасқан «Қазтехмаш» машина жасау зауыты. Серіктестіктің бас директоры өңір басшысына тындырылып жатқан іс жайлы баяндады. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысады. Жабдықтың барлығы Қазақстан аумағында сатылады. Мұнда 85 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 300 мың теңгені құрайды.

Михаил Войсковой, «Қазтехмаш» машина жасау зауыты ЖШС бас директоры:

– «Қазтехмаш» Sampo астық жинайтын комбайндарын құрастырумен және шығарумен айналысады. Бұл – еуропалық бренд, атап айтқанда, финдық техника. Біз бөлшектелген күйдегі позициялардың шамамен 670 атауын аламыз, комбайн және оны құрастыру желісінде толық құрастыру жүріп жатыр, яғни, жұмысты басынан аяғына дейін атқарымыз».

Зауыт жылына 100-ге дейін комбайн шығаруды жоспарлап отыр. Егер қазіргі күні тек оларды құрастыру жүріп жатса, келесі жылы өндірісті оқшаулауды бастау жоспарланған. Бас директор өңір басшысымен әңгімелесу барысында кәсіпорын шаруаларды техникамен қамтамасыз етіп қана қоймай, кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсететінін атап өтті. Қазір 300 млн теңгеге жиынтықтауыштарға тапсырыс берілген.

Михаил Войсковой, «Қазтехмаш» машина жасау зауыты ЖШС бас директоры:

– Біздің сервистік топ барлық шаруа қожалықтарын аралады. Біз 3085-ші ақауларды толығымен жойдық, олардың барлығын жөндеп, қалпына келтіру үшін барлық бөлшектерге тапсырыс бердік. Бөлшектер барлығы жеткізіліп, шаруа қожалықтарына берілді.

Бұдан әрі облыс әкімі «Alageum Electric» Петропавл электротехникалық зауытында болды. Мұнда биылғы жылы электр тиімді трансформаторлардың жаңа өндірісі басталды. Өнімнің 95%-ы экспортқа жіберіледі. Кәсіпорында 180 адам еңбек етеді, десе де кадр тапшылығы байқалуда. Зауыттағы орташа жалақы 330 мың теңгені құрайды.

Ерсұлтан Шәмшиев, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС директоры:

– Толық реконстуркция болды. Акимат 500 млн-ға осы ғимаратты сатып алды. 2,5 млн теңгеге толық капитальный ремонт біз жасадық. Одан бөлек, су, электроснабжение, отопление толық мемлекет тарапынан.

Сонымен қатар, кәсіпорын қазір өз қызметкерлері үшін 100 пәтерлі үйді соғып жатыр. Жұмыстар жақын арада аяқталады. Енді инженерлік-коммуникация жүйелері жүргізіледі деп күтілуде. 15 қазан күні жаңа қоныстанушыларға кілттер табысталады деп жоспарланып отыр.

Ерсұлтан Шәмшиев, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС директоры:

– Біз 3 жақты келісім жасап жатырмыз. 5 жыл бойы қызметкер өзінің депозиттік шотында пәтер құнынан жарты соманы жинайды. Ол жинақталғаннан кейін «Отбасы банк» арқылы ипотека алып, несие арқылы үйді ала алады.

Айта кету керек, бұл 2 өндіріс «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Онда орналасқан кәсіпорындар бірқатар артықшылықтарға ие. Атап айтқанда, азаматтар мүлік салығы, кедендік баж бен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Әрі қарай өңір басшысы «Радуга» ЖШС кәсіпорнын аралып, тұрмыстық химия өндірісімен танысып шықты. Мұнда айына 100 тонна сұйық және қатты сабын өндіріледі.

Осыдан кейін облыс әкімі қағаз өнімдері фабрикасының қызметімен танысты. Кәсіпорын шамамен бір жыл бұрын ашылып, қазір 20-ға жуық тауар атауын шығарады. Мұнда өндіріс үшін күніне 20 тонна макулатура қажет.

– Это и Казахстан, и Российская Федерация. – С России тоже забираете? – Конечно. – Это вы покупаете? – Да, у нас есть как собственные точки сбора, так и еще мы ее перепокупаем у тех, кто собирает макулатуру.

Мұнда кеңсе және санитарлық-гигиеналық өнімдер шығарылады. Фабрикада 80-ге жуық адам еңбек етеді. Айына олар шамамен 250 тонна дайын өнім шығарады. Серіктестікте басқа да бірқатар өнім өндріледі.

– Производим механические ящики, шкафы, стремянки, сушилки, гладильные доски, табуретки, всю металлическую мебель. Сейчас в этом месяце мы запускаем новый участок с лазерным ЧПУ, который позволит расширить номенклатуру как мебельной продукции, так и металлических изделий.

Фабрика басшылығының айтуынша, болашаққа жоспарлар ауқымды. Серіктестік өнімдерін өндіруді іске қосу бойынша жұмысты қолға алмақ. Бұдан бөлек, тағы бір жоба аяқталу сатысында екен. Облыс әкімі «Зеленые луга» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.

Екатерина Асаенок, «Зеленый Север» ЖШС директоры:

– Өсімдіктер өсетін 32 мың шаршы метр жер бар. Сонымен қатар, 2,5 мың метр жерге көшет өсріуге, қызмет көрсету аймағы, онда қызметкерлерге арналған бөлме, орау аймағы, жөнелту аймағы орналасады. Барлығы – 37 мың шаршы метр. Жылыжай заманауи, голландиялық. Барлығы дерлік Голландиядан әкелінген.

Жұмыстар 95%-ға аяқталған. Жақын арада мұнда гидропоника технологиясының көмегімен өнім өсіріле бастайды. Жылыжайда бір уақытта 100 мың өсімдік өсіріп тұрады. Өнімділік жылына 3-3,5 мың тонна көкөністі құрамақ. Жобаның құны – 7,2 млрд теңге. Оны жүзеге асыруға «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көмек беріпті.

Дәурен Қатранов, «Радуга» ЖШС бас директорының орынбасары:

– Қазір жұмыстарды аяқтауға шақ қалдық. Бүгінгі күні объектіні пайдалануға қабылдау актісімен және іске қосу-жөндеу жұмыстарымен айналысудамыз. Көріп отырғаныңыздай, негізгі жүйелер қазірдің өзінде жұмыс істейді. Мамандар бәрі орнында. Болашақ – өсімдік шаруашылығында. Екатерина саңырауқұлақ шығаратын шағын учаскені басқарған болатын, ал бүгінде компост зауыты бар саңырауқұлақ фабрикасы жүзеге асырылуда. Жалпы құны 4,5 млрд теңге болатын бұл жоба 2 блоктан тұрады. 1-ші – компост зауыты, 2-ші – саңырауқұлақ фабрикасы. Бұл ретте біреуі екіншісін толықтырады.

Мұндай ауқымды жоба Қазақстанда тек екінші рет жүзеге асырылуда. Саңырауқұлақ фермасы жылына 1100 тонна шампиньон өндіріп, 45 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.