Құқық қорғау органдары

Мас күйде жасалатын қылмыстардың саны азайған

Өңірде мас күйде жасалатын қылмыстардың саны 2,1 пайызға азайған. Бүгінде облыста ішімдікке әуес 3 мың 325 адам профилактикалық есепте тұр. Оның 500-ден астамы есепке биыл алынған. Сондай-ақ, алкоголизм және нашақорлыққа шалдыққан 173 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберіліпді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.

АЛЕКСАНДР РОЗБАХ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Мас күйде жасалған қылмыстардың негізгі бөлігін мүліктік қылмыстар құрайды. Жыл басынан бері алкогольге қарсы заңнаманы бұзған 9 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттар 34 кәсіпкерге қатысты алкогольдік өнімдерді сату лицензиясын тоқтатты. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 8 мың 700-ден астам азамат қоғамдық орындарда мас күйде жүріп және ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңнан астамына қатысты іс сотқа жолданды. 685-і қамауға алынып, 244 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

 

Гульден Симбаева