Қоғам

4 жасар Әлішерге шұғыл түрде көмек қажет

Ауыр сырқатқа душар болған 4 жасар Әлішер есімді балаға шұғыл түрде ем керек. Дәрігерлер балақайға өте сирек кездесетін spina bifida диагнозын қойып отыр. Ауру зәр шығару жүйесі мен бүйрекке де әсер етеді. Ата-ананың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Алайда, бұл дертті емдеуге отандық мамандар қауқарсыз болып отыр.

ГҮЛСІМ ТУКАЕВА, Әлішердің анасы:

– Балам арқасындағы ісікпен бірге туылды. Дәрігерлер бізге бір айдан кейін хирург жоспарлаған процедурадан өтесіз деді. Бір айдан кейін хирургқа бардық, ол қатерлі ісік – тератома диагнозын қойды. Содан Астанаға барып тексерілдік. Онда spina bifida диагнозын қойып отыр. Өңірде балалар нейрохирургы болмағандықтан жыл сайын Астанаға барып тексерілеміз. Жоспарлы МРТ-дан өтеміз және аяқтың сезгіштігін тексереді.

Үміттері үзілмеген ата-ана баласын емдеуге келісімін берген клиниканы Израильден тауыпты. Алайда, баланы өзге елге апарып емдету үшін қомақты қаражат керек. Жалғыз отағасының айлығы отбасын асыраудан және баланың күнделікті дәрі-дәрмегінен артылмайды. Тез арада Әлішерге ота жасалмаса бала қалған өмірін мүгедектер арбасында өткізуі мүмкін.

ГҮЛСІМ ТУКАЕВА, Әлішердің анасы:

– Бірінші рет 3 айында липоманы алып тастау үшін ота жасалды. Қазір Әлішерге Израильде қымбат ота жасау қажет. Ол үшін бізге 32 млн теңге қаражат керек. Әзірге, 7 млн теңге жиналып қалды. Баламның сол жақ аяғына қарағанда оң жақ аяғының жағдайы нашарлау. Балалармен бірге ойнаған кезде тез шаршап қала береді. Тезірек жазылып кеткенін қалаймыз.

Балаға жедел түрде ота жасалмаса дерті асқынып кетуі мүмкін. Бүлдіршінге қол ұшын созам деушілер экранда көрсетілген нөмірлерге қаражат жібере алады.

Kaspi Gold: +7 777 273 6960 Әлішердің анасы Гульсум Т.
Halyk bank: 4405 6397 6445 3831 Әлішердің анасы
GULSUM TYKAYEVA
Сбербанк РФ: 2202 2013 5628 1598 Әлішердің әпкесі
ELMIRA KASHUMBAEVA 

Айта кетке жөн, қазанның 13-і күні сағат 19:00-де Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Әлішердің еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концерті өтеді.

 

Гульден Симбаева