Қоғам

Жастар Жолдауды талқылады

Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің жастары Президент Жолдауын талқылады. Болашақ әрі жас мамандар студенттерге қатысты мәселелерді ортаға тастады. Жиында шәкіртақы мен жалақы, Президенттік жастар кадрлық резерві туралы айтылды.

СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығының маманы:

– Президенті айтып өткендей қазақ елінің әр азаматы жанашыр болуы қажет. Жастарға осындай кездесу маңызды деп есептеймін. Себебі, осындай кездесулердің арқасында балалар еліміздің дамуына үлкен үлестерін қосады деп есептеймін.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттің білім саласында тұтастық, яғни жүйе жоқ деді. Президент оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге әріптестік орнатуы қажеттігін айтты. Елдегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттырады.

ЗАРИНА БАЙБОЛОВА, Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенті:

– Менің ойымша, студенттерге түрлі проектілер пайда болып жатыр. Ұл-қыздар оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа тез орналасу мүмкіндігі де жасалып жатыр.

Айта кеткен жөн, келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл 1 млн 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді делінген Жолдауда.

 

Гульден Симбаева