Қоғам

Явленка ауылының көшелері жарықтандырылды

Есіл ауданының Явленка ауылында жауыр болған мәселелер шешімін тауып жатқан сыңайлы. Биыл республикалық бюджеттен 21 млн теңге бөлініп, 6 көшеге жарық тағылған.

МЫҢАЙДАР ТІЛЕУКИН, Явленка ауылдық округінің әкімі:

– Негізі, Явленка ауылының орталығы мен негізгі көшелері жарықтандырылған. Жарық ауыл шетінде болған жоқ. Қыста таңертеңгі уақытта немесе кешкілікте қараңғы болғандықтан балалардың мектепке қатынауы да қиын.
Бұл мәселені тұрғындар да көтерді.

Қизатов пен Береговая көшелеріне 4 жарым шақырым сым тартылып, 40 жарықшам орнатылыпты. Ал Коваленко мен Шоқаев көшелерімен 2 шақырымға жуық сым бойлатып, 30 шам қойылған.

МЫҢАЙДАР ТІЛЕУКИН, Явленка ауылдық округінің әкімі:

– Бұл жұмысты екі мердігер атқарды. Бірі – “Есіл-Электросервис”, екіншісі – оңтүстік өңірден келген “Томирис” серіктестігі. Олар Шалабаев және Жуков көшелерінде де жұмыс істеді. Қос көшені қоса алғанда жарықшамы бар 40 баған орнатылып, 2 шақырымға жуық сым тартылған.

Жалпы, биыл Явленкада кіреберісіндегісін қоса алғанда барлығы – 155 шам орнатылған.