Қоғам

Студенттер Президент Жолдауын талқылады

Қозыбаев университетінің студенттері Президент Жолдауына үн қосты. ЖОО қабырғасында қыз-жігіттермен Қазақстан халық партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Болат Қожахметов кездесті. Қос тарап маңызды құжаттағы басым бағыттарды талқылады. Ортаға экономика және ауылдардан жастардың жаппай кету мәселесі тасталды. Басқосу барысында студенттер жұмыс табу, жалақы бойынша өз сауалдарын қойды. Жалпы, Жолдауда жүзден астам ұсыныс пен идеялар айтылғаны белгілі. Қазір Президент тапсырмасын орындау бағытында жұмыстар атқарылуда. Кездесу барысында Болат Қожахметов мұны да баян етті.

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

– Жолдау бұл алдағы 1 жылға жасалған әлеумеуттік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму жоспары деуге болады. Биылғы Жолдау дағдарыс жылдарындағы тұралап қалған экономиканы көтеруге бағытталған. Қазір өңірімізде бірінші рет 3 ауданда пилоттық режимде сайлау өткізілмек. Бұл да ауылды көркейту бағытындағы жаңа бастама. Қазір жастардың дені ауылдарға барудан тартыншақтайды. Осы мәселені шешу үшін жаңа жобалар ойлап табу керек деп ойлаймын.