СҚО әкімдігіМТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі облыс орталығындағы бірқатар зауыттың жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен «Мұнаймаш» зауытының жұмысымен танысты. Өңірдегі ең көне кәсіпорындардың бірі мұнай-газ жабдықтарын шығарумен айналысады. Мұнда 138 адамға екі қолға бір күрек табылған. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы шамамен 370 мың теңгені құрайды.

– У вас объем производства в год сколько?

– До 10 тысяч, на сегодняшний день, 6 тысяч.

– Это объем, а в суммарном выражении? – Порядка 6 миллиардов.

– 90% вы уже выполнили.

Зауыт ұңғымалық штангалық сорғылар мен олардың қосалқы бөлшектерін өндіруге маманданған. Негізінен, барлық өнім Қазақстан аумағында сатылады. Облыс әкіміне жабдықтарды құру барысы таныстырылып, дайын бұйымдар көрсетілді.

Федор Дмитриев, «Мұнаймаш» АҚ бас директорының орынбасары:

– Мұндағы барлық жабдықтар 2010 жылы «Өнімділік-2020» өндірістік бағдарламасы аясында сатып алынды. Біз лизингке 12 бірлік алдық, 2021 жылы барлық жабдық үшін қаражатты төлеп тастадық. Бізде негізінен жапондық жабдықтар. Бір-екі бразилиялық станок бар.

Әрі қарай өңір басшысы “Солтүстік фанера комбинатына” барды. Кәсіпорын 2021 жылдың басында ашылса да дамудың оң динамикасы байқалуда.

Комбинат өнімдері құрылыс, жиһаз жасау, кеме жасау және әскери құрылыс пен интерьер дизайны сияқты салаларда қолданылады. Мұндағы өндіріс қалдықсыз, мамандар әр бөлікті қолдануға тырысады. Технологиялармен өңір әкімі танысты.
 

– Он эти вкладки вставляет в те места, может вы видели, они такие черные пятна, вот он эту вкладку туда вставляет. Это сейчас плохая вкладка, но она хорошие вкладки вставляет.

– Со всех вырезается?

– Да, и поверхность чистая получается.

Негізінен, өнімнің барлығы экспортталады. Комбинатқа шикізаттың шамамен 70%-ы көрші Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Кәсіпорында барлығы 300-ге жуық адам еңбек етуде.

– Средняя заработная плата?

– 250-300 тысяч. – 95% продукции экспортируется. И сколько сырья приходит сюда в год, чтобы вы выходили на производственную мощность в 300 тысяч кубов в год?

– В 2, 2,5 раза больше.

– А по производству также?

– Да.

– То есть, на один куб готовой продукции уходит 2 куба сырья – 2,5.

Аймақ басшысы Петропавл ауыр машина жасау зауытындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Елдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі 62 жыл бұрын құрылған. Зауыт ғимаратының ауданы шамамен 40 гектарды құрайды. Қазір зауытта жаңа өнім өндіріліп жатыр.

– Выпустили крытый вагон, полувагон и зерновоз.

– До этого не выпускали?

– Нет, никогда завод не выпускал.

– Беспилотники, электрокары.

– До этого элекрокары выпускали?

– Нет.

– А беспилотники?

– Нет, это все при мне.

Зауыт өндірісін кеңейту бойынша ауқымды жоспар әзірленуде. Қазірдің өзінде мұнай-газ компанияларымен миллиардтаған долларлық келісімшарттар, теміржол кешені үшін жартылай вагондар, бөлшектер мен тораптар жасауға, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға келісімшарттар жасалды. Кәсіпорында әлеуметтік жауапкершілікті жақсарту бойынша да үлкен жұмыс жүргізілген.

Арман Құлмағамбетов, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:

– Біз тегін медициналық қызмет көрсетуді, зауыт есебінен протездеуді, дәрі-дәрмектерді тегін беру жағдайларын жасадық. Әлеуметтік осал азаматтарға материалдық көмек көрсетеміз, 1 қыркүйекке дейін әрбір бала мен мүгедекке 30 мыңнан берілді, санаторий-курорттық емдеу қайта басталды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де еңбек жағдайлары жасалуда.

Кәсіпорында барлығы 480-ге жуық адам жұмыс істейді, бірақ штат кеңейтілмек. Мамандар елдің түкпір-түкпірінен тартылуда.

– Сколько человек в общежитии живет?

– Сейчас у меня в общежитии живет 23 человека.

– Это молодежь, которую вы привлекли? – Да.

– Откуда привлекли? – Кызылорда, Шымкент. – Местных нет. – Нет. -Почему из Кызылорды и Шымкента, потому что они специалисты? – Во-первых, специалисты, а во-вторых здесь молодежь, мы и студентов привлекаем, и практикуем, но почему-то пока не хотят.

Бұдан соң Ғауез Нұрмұхамбетов Киров атындағы зауытқа барды. Кәсіпорын тау-кен, мұнай, теміржол, әскери және азаматтық сектор үшін өнім өндірумен айналысады. Әкім бірқатар жасалған құрылғылармен танысып, жұмысын тексерді. Аймақ басшысына оларды өндіру процесі туралы да айтылды.

Әкімге жоспарланған жұмысты іске асыру барысы туралы да баяндалды. Олардың ішінде облыстағы бейнебақылау жүйесін, “ZIK-СКУД” қондырғысының көмегімен балалардың қауіпсіздігін бақылау жүйесін енгізу бар. Лифт өндірісі де жоспарланған.

Дидар Тасыбек, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директорының бірінші орынбасары:

– СҚО бойынша 526 бірлік лифтіні 2026 жылға дейін ауыстыру қажет. Республика бойынша 33 800 бірлік бар. 8 200 лифтті ауыстыру қажет. Біз қазір қытайлық серіктестермен жұмыс істеп жатырмыз, инвестиция іздеуді жалғастырамыз.

Киров атындағы зауытта барлығы 37 азаматтық мақсаттағы өнім өндіріледі. Кәсіпорында 487 адам еңбек етеді. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 240 мың теңгені құрайды.