Полицейлер Мамлют ауданында рұқсат құжаттарынсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған топты анықтады. Күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам Artemia salina шаян тәркіленді. Оның ішінде 12 тоннадан астамы қайта өңделген шаян болып шықты. Бұл өңірде шаян тәрізділерді заңсыз аулауға қатысты тіркелген ең ірі көлем болып саналады. Сондай-ақ, ұсталғандардың бірінен 7,62 калибрлі мылтыққа салынатын 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар “ПМ” тапаншасы мен тағы 4 патрон тәркіленді.
БЕЙБІТ ӘЛМҰХАМБЕТОВ, СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы:
– Заңсыз өндіру фактісі ҚР 335-ші бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Залалдың алдын ала сомасы шамамен 150 млн теңгені құрайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Гульден Симбаева