Қоғам

Петропавлда белорустық аяқ киім жәрмеңкесі ашылды

Облыс орталығында қазанның 1-інен бастап Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Көпшілік назарына 300-ден астам аяқ киім ұсынылды. Тауарлардың дені – күзгі және қысқы.

АЛЁНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Аяқ киімдер өте жеңіл, ыңғайлы, табаны жұмсақ. Таза былғарыдан тігілген. Сапасы жоғары. Барлық аяқ киімнің табаны тайғанамайды және су өткізбейді. Іші қой терісінен жасалған.

Нәзікжандыларға арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 43-ке дейін, ал ерлер үшін 40-тан 49-ға дейін. Бағасы 17500 теңгеден басталады. Сауда жөніндегі менеджер Алена Сотскованың айтуынша тұрғындар мына үлгіні жиі таңдайды екен.

АЛЁНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Аяқ киім жәрмеңкесі қазанның 8-іне дейін жалғасадыү Тұрғындар қажетті тауарды Жамбыл көшесі, 82а мекенжайы бойынша орналасқан Теннис орталығының екінші қабатынан таба алады. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Гульден Симбаева