Облыс орталығында полицейлер жыл басынан бері атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жиында полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов ең өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Ол өңірдегі криминогендік ахуал туралы хабардар етіп, жұмыстың басым бағыттарын белгіледі. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері өңірімізде қылмыстардың саны 19,9%-ға төмендепті.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:
– Барлығы – 2484 қылмыс тіркелді. Ауыр қылмыс саны – 530. Қылмыстарды ашу көрсеткіші 69,9%-ды құрады. Аса ауыр қылмыс саны – 67. Оларды ашу көрсеткіші 79,1%-ға жетті.
Сондай-ақ, жиында бірнеше ай бойы 14 жастағы туған қызын зорлап келген әкеге қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы айтылды.
– Был взят под арест и по настоящее время он находится в следственном изоляторе. По уголовному делу были проведены все необходимые следственные и оперативно-розыскные мероприятия.
Полицейлер БАҚ өкілдерінің алдында осындай брифингтерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлауда.
Гульден Симбаева