Қазақстан жаңалықтары

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев “апорт” сортының алмаларын ұлттық бренд ретінде тіркеу процесі туралы айтып берді

“Зияткерлік салада патенттер берумен қатар, біз еліміздің мүдделерін әлемдік деңгейде қорғау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, біз “апорт” сортының алмасын әлемдік географиялық көрсеткіш ретінде тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз”, – деді Азамат Есқараев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр бұл Президенттің арнайы тапсырмасы екенін еске салды.