Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда жария-құқықтық дауларды азаматтық сот ісін жүргізуден әкімшілік дауларға кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда

Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Мәжілісте “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік Әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын таныстыра отырып айтты.

“Бұл жерде жария-құқықтық дауларды азаматтық сот ісін жүргізуден әкімшілік іс жүргізуге кезең-кезеңімен ауыстырудың орындылығын атап өту маңызды. Бұл тезис қазіргі уақытта әкімшілік сот ісін жүргізудің сот практикасын қалыптастыру процесінің жүріп жатқандығымен байланысты”, – деді Алма Мұқанова.

Бұл тәсіл жария-құқықтық дауларды тиімдірек қарауға және шешімдерге сот тәртібімен шағымдануға мүмкіндік береді.