ТКШ

Теміржол тұйықтарындағы жағдай тұрақты

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

– “Жан” ЖК тиесілі теміржол тұйығы. Таңертең мұнда 10 вагон көмір қойылды. Бұл шамамен 700 тонна. Қазір қара отынды қала тұрғындары мен аудандардан келген азаматтар сатып алуда. Әзірге, ешқандай қиындықтар жоқ.

Көмір кезек-кезек берілуде. Ешқандай қарбалас пен талас жоқ. Темір жол тұйығына келген азаматтар қара отынды өздеріне керек мөлшерде тиеп алуда. Оларға белгілі бір шектеу қойылмаған. Жалпы, қазір бұл жерде тек Шұбаркөл көмірі сатылады. Өнімнің бұл түрі жақсы жанады. Үй ішіндегі жылу да ұзақ сақталады. Пеште қалатын күлі де аз. Кәсіпкерлік мамандарының айтуынша жуық арада сапасы жоғары қара отынның үлкен партиясы жеткізіледі.

МҰРАТХАН ТҰРМҰХАМБЕТ, “Жан” ЖК менеджері:

– Жоспар бойынша тұйыққа осы айда 101 вагон көмір келуі керек. Бүгінгі күнге дейін 48 вагон жеткізілді. Келесі айда 78 вагон күтілуде. Шұбаркөлдің бір тоннасы – 17 мың теңгеден.

Әзірге, өңірде ауа райы тұрақты. Кезек күн суытқанда ұлғаяды екен. Осыны ескеріп ағайын көмір сатып алу ісін кейінге қалдырмағаны жөн. Жалпы, өңірде көмір сатып алуға болатын 32 теміржол тұйығы бар. Оның 3-еуі облыс орталығында орналасқан.

 

Алдияр Айтпаев