Қоғам

СҚО полицейлері 297 адамды қабылдап-тарату орнына жеткізді

Өңірде “Қаңғыбас” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның аясында теріскейлік тәртіп сақшылары теміржол вокзалы ауданын, базарларды, сауда үйлерін, стадиондар мен жылу трассаларын аралап, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауда. 3 күн ішінде мамандар 297 тұлғаны қабылдап-тарату орнына жеткізіпті. Олардың барлығынан саусақ іздері алынған, фото және видео түсірілген. Сонымен қатар, жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілген және хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінен қаралған. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

 

Байболат Култанов