Денсаулық сақтау

“Айна-Көз” орталығында биыл МӘМС арқылы 3 мыңға жуық адамның көзіне ота жасалады

“Айна-Көз” орталығында соңғы 5 жылда көзі сырқатқа шалдыққандардың саны 49 пайызға өскен. Соның арасында катаракта, макула және артқы полюстің дегенерациясы дерттері жиі кездеседі. Жуырда қала тұрғыны Күлемай Сандыбаеваға осында көзіне ота жасалды. Нәзікжандының бірнеше жыл бұрын жанары сыр берсе де дәрігерге бертін келе қаралған.

КҮЛЕМАЙ САНДЫБАЕВА, қала тұрғыны:

– Осы қыркүйекте маған “Айна-Көз” орталығында көзіме ота жасалды. Отаны білікті мамандар жасады. Бұған дейін диагнозымды білмей жүре бердім. Дәрігер маған сізде катаракта, сізді порталға қоямыз деді. Ота жарты айдан кейін жасалды. Қазір жағдайым жақсы.

Қала тұрғынына ота МӘМС қоры арқылы тегін жасалды. Айта кетейік, операция заманауи құрылғылардың көмегімен атқарылады. Биыл орталыққа жиынтық құны 20 млн теңге болатын 60-қа жуық құрал-жабдық алынған. Соның бірі саңылау шамы деп аталады. Мысалы, бұл саңылау шамы көздің бөліктеріне биомикроскопиялық талдау жасауға мүмкіндік береді.

Аппарат Қытайдан 3 млн теңгеге сатып алынған. Мамандардың айтуынша, құрылғы сапалы.

ГҮЛДЕН СЕМБАЕВА, тілші:

– Бұл – переметр құрылғысы. Арнайы Америка елінен жеткізілген. Осы аппарат бойынша көздің қапталдан көру деңгейін тексеруге балады. Аппараттың ішінде тұрған жасыл нүктеге көз алмай қарап тұру қажет.

Зерттеу шамамен 15 минут уақытты алады. Бұл құрылғымен 2 мыңға жуық адам тексеріліпті. Жыл басынан бері МӘМС арқылы 250 солтүстікқазақстандықтың көру қабілеті қалпына келтірілді.

ОЛЕСЯ ЛЕОНТЬЕВА, “Айна-Көз” орталығының бас директоры:

– Орталықта 3-ші диагностика, фако-машина, асқынған катарактаны емдеуге арналған жабдықтар пайда болды. Дегенмен, кейбір ауру түрлерін емдеуде басқа дәрігердің тәжірибесі немесе диагностикасы қажет. Біз сақтандыру қоры арқылы барлық операцияны жасаймыз. Осы аралықта 500-ден астам бала тексеруден өтті. Сондай-ақ, 74 адамға аппараттық емдеу жүргізілді.

Биыл МӘМС арқылы 3 мыңға жуық тұрғынға операция жасалады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға көп. Айта кеткен жөн, “Айна-Көз” орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді.

 

Гульден Симбаева