Облыста 8 айдың ішінде 15 мал ұрлығы тіркелді. Статистика көрсеткендей, төрт төлік көбінесе қаңғырып жүрген жерінен қолды болады екен. 2019 жылы мал ұрлығына қарсы күресті күшейту мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 – «Мал ұрлау» бабына өзгеріс енгізіліп, жауапкершілік қатаңдатылды. Осылайша бірнеше мәрте мал ұрлау ауыр қылмыс санатына жатқызылып, татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Сондай-ақ, малдың еркін жайылғаны үшін де әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Иесіз жүрген мал жолға шығып кетіп, көлік апатын тудыруы мүмкін. Осы орайда 8 мыңнан астам жануар арнайы шашпаға қамалған. 2 мыңнан астам адам малды бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Гульден Симбаева