Қазақстандықтарға жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200 млрд теңге сомасында зейнетақы төленді. Қаржының басым бөлігі ынтымақты зейнетақы төлеуге, қалғаны – яғни, 675,2 млрд теңге базалық зейнетақыға бағытталған. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлады. Қазіргі таңда аталған төлемнің орташа мөлшері 120 мың 937 теңгені құрайды. Жалпы, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 305 мың адамға жуықтайды.
Алдияр Айтпаев