Kurultai banner mobile

Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін анықтаудың жаңа әдістемесі енгізіледі

Мүдделі мемлекеттік органдар ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдістемесінің жобасын келісті. Жобаны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп дайындады. Сондай-ақ, Еңбек кодексіне түзетулерді заңнамалық бекіту үшін қажетті әдістемелер дайындалды. Әдістемеге сәйкес ЕТЖ мөлшері орташа жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалатын болады.

Еңбек кодексіне түзетулер ҚР Президентінің Әкімшілігіне келісуге жіберілді, олар мақұлданғаннан кейін республика заңнамасына тиісті өзгерістерді іске асыру басталады.