Қоғам

Жолдау талқыланды

Петропавлда “”AMANAT” партиясының “Talqulay” атты диалогтік алаңы ұйымдастырылды. Жиналғандар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуын және оның іске асу тетіктерін талқылады. Арнамызға сұхбат берген “AMANAT” партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Жангелді Тәжин солардың бірқатарына тоқталды. Мәселен, енді әкімдердің билігі күшейіп, тәуелсіз бола түспек.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, “AMANAT” партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі:

– Бұл біздің көкейімізде жүрген сұрақ еді. Жауапкершіліктен жалтарған билік басындағылар халықтың наразылығын тудырады. Президент ол туралы қадап тұрып айтты. Әрбірі өзі шешім қабылдауға үйренуі тиіс. Екіншіден, сол шешімді орындағанда жауап беруі тиіс. Әрбір әкім өз өңіріндегі халық игілігі үшін нақты және дұрыс шешім қабылдай алуы қажет.

Сондай-ақ, жиын барысында бюджетті тиімді басқару мәселесі де қаралды.

СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, облыстық мәслихат депутаты:

– Салық түсімі бойынша өзгерістер болады. Енді табыс салығының бір бөлігі облыста қалатын болады. Ол өңірдегі кәсіпкерліктің өркендеуіне оң септігін тигізеді. Осы орайда аудандар өз бюджетін қалыптастырады және өз қажеттіліктері мен басым бағыттарына жұмсай алады.

Жалпы, Президент өз Жолдауында 100-ден астам ұсыныс айтты. Соның ішінде банктердің ісіне сынға алды. Олардың несиені оңды-солды беруі халықты қарызға батыруда. Жангелді Тәжин мұнымен толықтай келісетіндігін және банктер жүйесіне өзгеріс қажет екендігін жеткізді.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, “”AMANAT” ” партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі:

– Несие дейміз ғой. Осы орайда банктердің озбырлығын, ашкөздігін айтуға тиіспіз. Президенттік үлкен көлемде табыс тапқаны және ол халықты қанау есебінен екенін айтты. Осы орайда шетелдің 3 бірдей банкісін әкеліп, озбырлыққа қарсы әрекет жасау керектігі туралы айтқаны көңілге қонды.

“AMANAT” партиясының жұмысы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өкілдері аудан мен ауылдарды аралап, түсіндіру шараларын жүргізеді.

 

Аснурия Абдула