Қоғам

Сот шешімімен келіспеген нәзікжанды «AMANAT» филиалына жүгінді

Партия өкілдерінің кезекті қабылдауына келген Кристина Эрейзер 2016-шы жылы Қозыбаев университетін бітірген. 4 жыл бойы грант негізінде оқыған ол өзінің ауылдық квотамен түскен студенттер тізімінде болғанын білмеген. Мемлекет шығындарын өтеу үшін жерлесіміз ауылда белгілі бір уақыт жұмыс істеуге міндеттелді. Мұнымен қала тұрғыны келіспеген. Іске сот араласып, нәзікжандыға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Партия мүшелері шағымданушыға осы жөнінде прокуратураға арыз жазуға көмектескен. Жалпы, қабылдауда Петропавл қаласының тұрғындарынан барлығы – 5 сұрақ келіп түсті.

ЖЕҢІС АСАНОВ, “AMANAT” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:

– Бізге келген қала тұрғындарының бірі немерем жол-көлік оқиғасының құрбаны болды деді. Оған қалалық ПБ-ға істі қайта қозғау туралы өтініш жазуға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, зейнетақыны қайта есептеу, жалақы берешегі және еңбек дауына қатысты мәселелер қамтылды. Тұрғындар бізге жалақы және есепке алынбаған еңбек өтілі бойынша жиі жүгінеді.
Азаматтар мұндай әділетсіздікпен қалай күресуге болатынын білгісі келеді. Біз оларға кеңес беріп, мәселені шешуде жол көрсетеміз.

 

Алдияр Айтпаев