Экология

Мектеп оқушыларының слеті қорытындыланды

Петропавлда мектеп орманшыларының 12-ші слеті өтті. Оған теріскейлік 7-і мен 11-ші сынып оқушылары қатысты. Іс-шара 3 сайыстан тұрды. Олар: өрт қауіпсіздігі эстафетасы, қоян-қолтық ұрыс шеберлігі және квест. Жастар әрқайсысында жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ, үш команда үздік шықты. Үшінші орын аққайыңдықтарға бұйырды. Екінші сатыға Жамбыл ауданының оқушылары жайғасты. Ал жеңімпаз – Шал ақын ауданы. Қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл шара 2010-шы жылдан бері ұйымдастырылады. Басты мақсат – жастарға экологиялық тәлім-тәрбие беру және оларды қоршаған ортаны құрметтеуге шақыру. Сонымен қатар, біз қыз-жігіттерге өзіміздің мамандықты танытқымыз келеді.

 

Аснурия Абдула