АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай форумға қатысушыларға бейнеөтініште атап өтті. Адами өлшем шеңберінде АӨСШК – ге мүше мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеуді қоса алғанда, гуманитарлық мәселелердің кең ауқымы бойынша, заңның үстемдігін, азаматтық қоғамды нығайту, Азияның өркениеттері, мәдениеттері мен діндері арасындағы диалогқа жәрдемдесу мақсатында белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Чжан Мин құттықтау сөзінде, соңғы бірнеше жылда ШЫҰ декларацияларында адам құқықтары мәселесі бірнеше рет көтерілді, сондай-ақ адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу міндеттемелері атап өтілді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті күш-жігері ұйымның әртүрлі ведомстволар деңгейіндегі ынтымақтастық тетіктерінде көрініс тапты. Сонымен қатар, форум аясында “Қытай-Орталық Азия”адам құқықтарын дамыту жөніндегі жастар бастамасы жарияланды.