Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда  мектеп салудың жаңа тетігі пысықталуда

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жекелеген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов МЖӘ саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Атап айтқанда, “жайлы мектеп” Ұлттық жобасы аясында орта білім беру ұйымдарының объектілерін салудың жаңа тетігін енгізу мәселесі пысықталуда ұлттық жобада бекітілген жобалау тапсырмаларының талаптарына сәйкес келетін жобалық қуаты кемінде 600 оқушы орны бар.

Құдайбергеновтің айтуынша, жобаны іске асыруды білім беру ұйымы не инвестор мен білім беру ұйымынан тұратын консорциум құру жолымен жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар, консорциумда жылжымайтын мүлік объектісіне меншік үлесі айқындалады.