МТРА жаңалықтары

Екі бірдей су торабындағы көпір апаттық деп танылған

Петропавл су торабынан күнделікті 1 млн текше метрден астам су өтеді. Көпірдің ар жағы мен бер жағындағы су да кәдімгі сызғышпен өлшеніп тұрады. Жұмысты оңтайландыру мақсатында оны автоматтандыру жоспарланыпты. Бірақ, іске кіріскен мердігер жауапсыздық танытқандықтан жоспар уақытында жүзеге аспай қалған. Осылайша, екі арадағы шарт бұзылған.

ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛЛИН, “Қазсушар” РМК СҚФ директоры:

– Жаңа жүйе арқылы арқылы су шығынын, биіктігін нақтылап отыруды ойладық. Оған тораптың көлемін де енгізуге болады. Іске шамамен 14 млн теңге қарастырылған еді. Бірақ, бұл жүйені толық іске асыру үшін жеткіліксіз. Соған қарамастан біз бастаған істі аяғына дейін жеткізуді көздеп отырмыз.

Петропавлдағы су торабынан кейін мұндай жаңашылдық Сергеевкадағы нысанда да пайда болмақ. Айтпақшы, аталған қоймада қазір инвестициялық жоба негізінде 2 сорғы орнату жоспарлануда.

ШҰҒАЙЫП ИБАТУЛЛИН, “Қазсушар” РМК СҚФ директоры:

– Су торабында екі генератор жұмыс істеп тұр. Олар электр энергиясын өндіреді. Суды сол генераторлардың көмегімен ағызамыз. Жаңа насостар аталған жүйеге суды салқындатып жібереді. Ескі сорғылардың жұмыс істеу мерзімі бітті. Оларды ауыстыру қажет.

Су тораптарының жұмысында еш кінәрат жоқ. Бірақ, екеуіндегі көпірлер апаттық деп танылыпты. “Қазсушар” кәсіпорнының филиал басшылығы бұл жерлермен ауыр жүк көліктерінің өтуін шектеу қажеттігін айтып отыр. Себебі, нысанда орын алатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі ірі машиналардың қатысуымен болады. Оған баспасөз туры барысында да көпшілік көз жеткізді. Көпір қоршауына жүк көлігі келіп соғылды.

 

Алдияр Айтпаев