Денсаулық сақтау

Облыстық онкологиялық орталыққа жаңа мамандар келді

Жаңа маман, жаңа бағыт. Облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерлер құрамы жас мамандармен толықты. Біздің өңірге Астана медициналық университетінің резидентурасын аяқтаған 20 жастың 6-ауы келіп отыр.
Оның 3-еуі – онколог-дәрігер.

ӨРКЕН ТЕМІР, облыстық онкологиялық диспансердің онколог-дәрігері:

– Қатерлі ісік бойынша елімізде бірінші кезекте әйелдер омырауының ісігі тұр. Бұл дерт бойынша скрининг жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, әйелдердегі омырау ауруы, мойын, жатыр ісіктері, өкпе, асқазан-ішек жолдарының ісіктері алдыңғы орында тұрады. Онкологиялық аурудың негізгі емі – оны ерте анықтау болып табылады.

Өркен Темірдің әріптесі Ерқанат Байтұрсын да онколог-дәрігер.
Келгеніме 2 апта болса да осындағы әріптестеріме әбден үйреніп қалдым дейді. Жас маманның білген-түйгені де аз емес көрінеді.

ЕРҚАНАТ БАЙТҰРСЫН, облыстық онкологиялық диспансердің онколог-дәрігері:

– Біздің университетке Петропавл қаласынан мамандар жетіспейді деп арнайы адамдар келген болатын. Ұсыныстары бізге ұнады. Шілде айында келіп сөйлестік. Кейін жұмысқа кірісіп кеттік. 2:48 Мекеме жақсы, жұмыс толық жүргізіліп жатыр. Астанамен салыстырғанда ешбір кемшілігі жоқ. Дегенмен, Астана мен Алматы қалаларында бар 1-2 құралдар жоқ. Мамандардың аздығы да мәселе болып тұр.

Келген 6-аудың 2-еуі радиолог болса, 1-еуі – анестизиолог-реаниматолог. Соңғы аталған мамандық иесі – Нұрмаханбетулла Құзжанов. Ақ халаттының жұмысы ерекше жауапкершілікті талап етеді. Келгеніне 1 айдың шамасы ғана болғанымен күндегісін күнде операцияға қатысады.

НҰРМАХАНБЕТУЛЛА ҚҰЗЖАНОВ, облыстық онкологиялық орталықтың анестезиолог-реаниматологы:

– Біздің жұмыс қиыншылықпен үнемі тұспа-тұс келіп отырады. Өлім аузындағы науқастар түсіп жатады. Келгеніме 2 аптадай болып қалды. Осы уақыттың ішінде күнде операцияларға қатысамын. Кезекшілікке қаламын. Қазіргі уақытта операциялардың барлығы ешқандай асқынусыз, сәтті өтіп жатыр деп айта аламын.

Жалпы, бұл мамандармен 5 жылға келісім шарт жасалған. Облыстық онкологиялық диспансерге енді эндоскопист пен патоморфолог қажет.

 

Акжунис Мухатай