Қазақстан жаңалықтары

“Samruk-Kazyna Construction” АҚ жайлы мектептердің сәулеттік және дизайнерлік шешімдерін жалпыға бірдей талқылауды жариялады

11-17 қыркүйек аралығында қазақстандықтар жайлы мектептердің жобаларын талқылауға қатыса алады. Оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарына және бей-жай қарамайтын азаматтарға ауқымды ұлттық жоба шеңберінде салынып жатқан қазіргі заманғы оқу орындарының ішкі мазмұны мен ресімделуі туралы өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндік беріледі.

ҚР барлық тұрғындары қордың сайтында сауалнама жүргізе алады, онда ғимараттардың қасбеттерінің архитектуралық шешімдері, интерьер, сондай-ақ көлемдік-жоспарлау шешімдерінің жоспарлары көрсетілген. Сындарлы сын, ескертулер мен ұсыныстар 17 қыркүйекке дейін қабылданады және қарастырылады, осыдан кейін жайлы мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады.