Қазақстан жаңалықтары

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алған 100,4 мың отбасы 2023 жылы кедейлік жағдайынан шықты

АӘК негізгі мақсаты-ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару және еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту.

АӘК табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындауды көздейді; 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру; жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға уәжделген отбасыларға гранттар беру, Біліктілікті арттыру курстарына жіберу және т.б. арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.