Аптадағы маңызды жаңалықтарҚұқық қорғау органдары

Марат Жұмалиев қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып Марат Жұмалиев тағайындалды. 42 жастағы Марат Ахметжанұлы – Ғ.Мүсірепов ауданының тумасы. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Еңбек жолын Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы 2-ші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастаған. Бұған дейін облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы болды. Ал қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Тайбеков Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.

 

Аснурия Абдула