Қазақстан жаңалықтарыМТРА жаңалықтары

Мұнай-газ саласында жаңа жобаларды іске асыру мәселелерін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай талқылады

Үкімет басшысы Sinopec-тің тікелей қатысуымен республикада бірқатар маңызды жобалар аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру қажеттігін атап өткенін еске салды. Атап айтқанда, мұнай-газ химиясы өндірістерін жедел дамыту міндеті қойылды.

Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы ынтымақтастығы бүгінде жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл өз кезегінде екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосады. Сондай-ақ, Sinopec президенті қазақстандық мұнай-газ саласының мамандары үшін кәсіби тағылымдама ұйымдастыру туралы бастама көтерді.