Елордада ұлттық спорт түрлерінен турнир өтіп жатыр. Төрт жылда бір рет ұйымдастырлатын додаға еліміздің 17 облысынан 1300 спортшы қатысуда. Бағдарламаға спорттың 11 түрі кіреді. Олар: жамбы ату, теңге алу, бәйге және қазақ күресі және тағы басқасы. Өңір намысын 100-ге жуық спортшы қорғап жатыр. Жекпе-жектен солтүстікқазақстандық 19 спортшының 7-еуі жартылай финалға өтті. Жалпы, жеңімпаздардың есімдері қыркүйектің 10-ы белгілі болады.
Гульден Симбаева