Қол ұшын созам деушілердің бәріне бірдей сенуге болмайды. Себебі, сан соғып қалуыңыз мүмкін. 2021 жылдың қазан айында Петропавл қаласының тұрғыны танысынан автомектепте оқымай-ақ, көлік жүргізу куәлігін алуға болатынын естіген. Кейін әйел адам сол айлакерге
120 мың теңге мен жеке куәлігінің суретін жіберген. Уақыт өте нәзікжанды ақшасынан айрылғанын және өз атына несие рәсімделгенін білген. Бұл алаяқтың торына тағы бір қала тұрғыны түсті. Оның атына 200 мыңның үстінде кредит алыныпты. Пысықай ағымдағы жылы ұсталды. Ол 5 жылға сотталды.