Қыркүйектің 9-ы мен 10-ы күндері облыс орталығында су болмайды. Сенбі-жексенбіде “Қызылжар су” мамандары желілерді тазартуды жоспарлап отыр. Бұл уақытта құдықтар мен крандардан аққан тіршілік көзі ас дайындауда қолданылмауы тиіс. Денсаулыққа зиян келуі мүмкін. Су тарату жұмыстары 9-ы күні түнгі 12-де тоқтатылып, 10-ы күні кешкі 6-да жанданады. “Қызылжар су” серіктестігі тұрғындарға су жинап алуға кеңес береді.
АРМАН САУТОВ, “Қызылжар су” ЖШС атқарушы директоры:
– Біз желілерді жуып-шаюымыз керек. Технология бойынша хлор құйып, залалсыздандыру қажет. Құбырларда 5 сағат хлор тұрады. Кейін желі қайта шайылады. Қала бойынша сынамалар алынады. Анализдер арнайы аймақтық стандарттарға сай келуі тиіс.
Алдияр Айтпаев