Қоғам

Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

Қазанның 1-ші жұлдызына дейін мүлік салығын төлеп үлгеріңіз! Бұл жайлы Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ескертеді. Уәкілетті органның мәліметіне сүйенсек, есептелген төлемдер бойынша барлық мәлімет тұлғаларға жіберілген. Яғни, тұрғындар қанша салық төлейтіндіктерінен хабардар.

ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

– Петропавл қаласы бойынша 153 866 объект тіркелген. Осыған байланысты 82 мыңнан астам жеке тұлғаға 115 млн теңге сомасында мүлік салығы есептелген. Қазіргі уақытта есептелген салықтар туралы барлық хабарламалар адресаттарға жіберілді. Сондай-ақ, Kaspi және Halyk Bank қосымшалары арқылы да төлемдер туралы хабарламалар жіберілді.

Сонымен қатар, бұл мәліметтер e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында қол жетімді. Сұрақтар туындаған жағдайда жерлестеріміз Кәрім Сүтішев көшесі, 56а мекен жайы бойынша орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне алады. Сондай-ақ, экранда көрсетілген телефон нөміріне де хабарласуға болады.

ӘЛІБЕК ҚАНИЕВ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:

– Азаматтар хабарлама келген күннен 30 күн ішінде мүлік салығын өтеулері тиіс. Егер берешек 1 АЕК-тен асатын болса, салық органы салық бұйрығын шығарады. Оны орындау үшін сот орындаушысына жібереді.

Сот орындаушысы алдымен берешегі бар салық төлеушіге қатысты шара қолданады. Яғни, қарыз үстіне өсімпұл қосылуы немесе шоттар бұғатталуы мүмкін.

 

Алдияр Айтпаев