Kurultai banner mobile

Қоғам

Хакерлер Қазақстанның электронды қолтаңба жүйесіне шабуыл жасады

Телефондық желі қызметкерлері қазақстандықтарға күдікті сілтемелерге өтпеу керектігін хабарлайды. Жақында мемлекеттік техникалық қызмет “Trojan Downloader” атты зиянды бағдарламаны іске қосатын жалған интернет-ресурсты анықтады. Бұл бағдарлама
арнайы қосымшаны компьютерге орнатып, деректерді ұрлайды және басқа адамның жұмыс құралын қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтарға мұндай бағдарламаларды жүктеп, орнатпауға кеңес береді.